Керқұла – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Керқұла» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 955
Секiлдi Керқұласы баяғы ердiң,
Өзiңнен, тұлпар күнiм, сая көрдiм.
Болдырған жануарым жайылсын деп
Жүгенiн сыпырып ап қоя бердiм.
Өр уақыт өзегiмдi өттi басып,
Сағындым, сәйгүлiгiм, жет қыр асып.
Жаяумын,
Кезi келген салтаттысы
Үстiме шаң-тозаңды кеттi шашып...
Керқұла,
Сағынтпадық қай ұлыңды,
Жүрмiсiң жәннат жерде жайылымды?
Құранды ер қыр арқанды қажап жүр ме,
Бос тартып жiберiп ем айылыңды.
...Арық қып алаң көңiл атырабын,
Сағыныш – саумал бұлақ жатыр ағып.
Керқұла қайта айналып бiр соқсын деп
Жүгенiн сылдыратып шақырамын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Керқұла өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Керқұла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Керқұла өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Керқұла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері