Күрең күздiң өлеңі – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Күрең күздiң өлеңі» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1221
Күреңқабақ мына күннiң ажары,
Күрең күздiң қайтқан ба әлде базары?
Әй, белгiсiз дәм бұйырып,
Мына ұлдың
Жiбi түзу бiр өлеңдi жазары.
Сыбағысып батпақ жолдың сүддiнi,
Көз бозартып ұңғылы мен шұңғылы.
Болмағандай жайма шуақ жаз күнi,
Болжап-барлап ұға алады кiм мұны?
Тезiн шағып ұзындық пен ендiктiң
Терiстiктiң тентек желi,
Ентiктiң.
Жаңғыз терек бой бермейдi-ау шiренiп
Қарақұстай басындағы жемтiктiң.
Жүдеп қапты жапырақсыз тал бiрақ,
Бiреу үптеп кеткендей боп жалбырап.
Салы суға кетiп көктiң.
Еңсесi
Ескi тонның етегiндей салбырап...
Қарашаңыз уытты екен әскере
(Осы өлеңдi оқимыз ба ес көре?)
Күпiнедi сарала бақ көңiлсiз
Күнi кеше болмағандай ештеңе.
Көше лайсаң,
Жер-баласын жек көрмей
Ауыр бұлт сыбағасын төккендей.
Құдайға рас,
Әлем-жәлем қу көңiл
Әлдебiреу иянаттап кеткендей.
Е, дүние,
Сен де өзгередi екенсiң,
Есерлiктi қанша пендең көтерсiн?
Жанып-сөнген оты құсап шөпшектiң
Бұл жалғаның етер шын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрең күздiң өлеңі өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Күрең күздiң өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрең күздiң өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрең күздiң өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері