Таңды күткен
- 0
- 0
Түн күзетіп, жыр отыр,
Ақтарылар, сыр ақыр!
Шыға келер, тұра тұр,
Таңды күткен бір жанмын!
Бұл бетте «Таныстыру» атты Гүлдана Итибарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн күзетіп, жыр отыр,
Ақтарылар, сыр ақыр!
Шыға келер, тұра тұр,
Таңды күткен бір жанмын!
Даланың гүлін салдым, жырымда бұл,
Ояныңдар-, деп, қағар, құлың дабыл!
Алапат оятушы – топан келер,
Құтқаратын, солардан, - Күнім жағыл!
Бір адам түсінде өліп қалған екен,
Өмірінде – намазхан болған екен!
Айбатымен – ол жерге қойылған соң -
Мүңкір, Нәңкір кіріп барған екен.
Тылсымдағы тереңіңе қарай алсам, келермін,
Иләһи қызметіңе жарай алсам, келермін!
Бойымдағы арамшөптен ада болсам, келермін,
Жырым, Жалғызым - Сен...
Азалы бұлттың көзінен інжу тамады,
Нисан жаңбыры – теңізге жылап, қонады....
Өзін ғаріп санағаны үшін, інжуге айналып,
Патшалар оны тәжіне тағады!
Жомарт
Ең ідемі таныстыру өлеңі!!!