Ақ жауын
Бұл бетте «Ақ жауын» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ жауын жауды, ағыл да тегіл,
Кемпірқосақ боп, көңілім егіл.
Күй төкті, жаным, жылаудан іскен,
Себезгі сезім жүрекке себіл.
Ақ жауын жауды, ақтарылды аспан,
Шомылдым нұрға, шақта мұң басқан.
Бұлбұлым есін жыйғандай күйде,
Лала, раушандар бақта гүл ашқан.
Ақ жауын-өмір, төгіліп өткен,
Күйім азалы – егіліп, шектен.
Сұңқылдап, жылап, Иесін іздер,
Аспан боп, бүгін, сөгіліп кеткен.
Ақ жауын – әлем, аңқыды бүгін,
Кеуделерді от боп, шарпыды жырым.
Домбыра-жүрегін күйдіріп жатыр,
Жарығымен есті ап, жан күні бүгін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі