Жалған дүние
Жалған дүние жетелейсің бізді қайда?
Жетелейсің сырғытып терең сайға.
Заманның талабынан сырт айналып,
Кеткенде мынау пендең терең ойға.
Гүлдана Итибарова жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Жалған дүние жетелейсің бізді қайда?
Жетелейсің сырғытып терең сайға.
Заманның талабынан сырт айналып,
Кеткенде мынау пендең терең ойға.
Арман-сенің қиялыңның жетегі,
Арман-сенің болашағың ертеңі
Еңбектенген талпынған әр адамзат,
Нық сеніммен арманына жетеді.
Тіл деген -өнер-білім есігі ғой,
Тіл деген- Абай, Мұхтар есімі ғой.
Тіл деген- менің қазір талантымды,
Танытып тұрған жалғыз есілі ғой.
Үлкенге құрмет кішіден,
Достарым мұны білгейсің!
Сыйлаған құрмет ісіңмен,
Өзгеге тәлім бергейсің.
Мақтааралым! ақ алтынның ордасы,
Деген баға берген еді, Елбасы.
Көркейтуге терін төгіп келеді,
Сенім артқан Мақтааралдың әр жасы.
Сан-ғасыр азат болар күнін күткен,
Жанын берген құрбандар талай көптен.
Бабалардың сақтағаны белгілі
Мұның "тарих" екенін қалам түрткен.
Елім менің азаттықты аңсап шын,
Батырларым күнін кешті азаптың.
Жүректілер ерлігімен көрініп,
Сақтады әрбір жерін қазақтың.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі