Зайсан

Бұл бетте «Зайсан» атты Тайыр Жомартбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 2
  • 4052
Бауырында Маңырақтың нулы Зайсан.
Молайған Ертіспенен сулы Зайсан.
Түн болса, төңірегін мұнар басқан,
Ұштасқан бұлтпен бірге булы Зайсан.
Алтайдың Тарбағатай суын ішіп,
Сауырдың саясында туды Зайсан.
Өрбітіп балапандай қолтығында!
Өсірген неше алуан нуды Зайсан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

масалимова назым

рақмет сізге

Өте керемет!

Осы автордың басқа өлеңдері