Саяхат – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Саяхат» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2573
Құшак жайды бар алап,
Қуанышқа бөлендік.
Туған жерді аралап,
Тамашаға кенелдік.
Ақ орамал жамылған
Асқар шыңға өрледік
Асқақтата салдық ән,
Айдын көлде тербеліп.
Кездестік біз ерлермен
Көл орнатқан далаға,
Өзендерді бөгеген
Өңкей күшті ағаға.
Біз солардай боламыз,
Біз сүйеміз өмірді.
Көп-көп білім аламыз,
Көркейтеміз өңірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саяхат өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Саяхат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саяхат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саяхат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері