Өз-өзімнен өртеніп барам жанып

Бұл бетте «Өз-өзімнен өртеніп барам жанып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2016
  • 0
  • 0
  • 15777
Өз-өзімнен өртеніп барам жанып,
жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса
ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,
мен үшін тұр дүние қараң қалып.
Қақ төбемде жалт ойнап жатыр бүгін,
қалай тұрмын, япыр-ау, аман қалып?
Шырқап, шалқып жүрген бұл кезім менің,
қалай сонша күйгенім, езілгенім?
Бұл өмірдің азабы - ар алдында
күнаң болмай кінәлі сезінгенің.
Дөңбекшідім, түндерде көз ілмедім,
көз ілмедім, таусылды төзімдерім.
Алдамшы боп бара ма мынау жалған,
түсінбесең жанымды өзің менің.
Әттең, оттай сезімім шыдатпады,
суалғандай таудың да бұлақтары.
Арман алға сағым боп шақырғанмен,
көп екен ғой тірліктің сынақтары.
Сенуші едің сәбидей маған, көкем
(сенім артар бұл күнде адам да кем).
Біздегі үміт, сенімді өшіргендер
өкінбей-ақ рахат табар ма екен...
...Сүйген жүрек кешеді дейтін еді,
бұдан соң да кешіре алар ма екен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз-өзімнен өртеніп барам жанып өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Өз-өзімнен өртеніп барам жанып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз-өзімнен өртеніп барам жанып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз-өзімнен өртеніп барам жанып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері