Бұл бетте «Қыста» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.
Көрінбейді бетеге,
Көрінбейді ай тегі.
Үйге кіріп кете ме,
Мына боран қайтеді.
Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік,
Есігінен кораның
Кіре алмасын бораның.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі