Торғайлар – Мүбәрәк Жаманбалинов

Бұл бетте «Торғайлар» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2020
  • 0
  • 0
  • 4914
Қыс ортасы. Қар қалың.
Кей күні боран ақырып,
Түк көрсетпес, кей күні
Ақша қарын сапырып.
Жүні үрпиген торғайлар
Бүрісіп үн шығармай,
Қораларға тығылды,
Далаға еркін шыға алмай.
Ұйықтап тұрсақ бір күні
Боран, жел жоқ тып-тынық,
Тамшы ақты, қар еріп,
Жадырап тұр күн күліп.
У-шу болды торғайлар:
Келді – деп көктем тағы да.
Ұшып-қонып топталып
Шыйқылдасты жабыла.
Тұрғандай-ақ қыс естіп,
Қарды қайта қатырды.
Ішін тартып ақ боран
Жатыңдар, деп ақырды.
– Бізде жоқ қой календарь,
Деп екініп, қарасып,
Жүні үрпиген торғайлар
Жым-жырт болды, тарасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Торғайлар өлеңінің авторы кім?

Мүбәрәк Жаманбалинов — осы өлеңнің авторы.

Торғайлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Торғайлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мүбәрәк Жаманбалинов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Торғайлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері