Телефонмен жұбатады
Бұл бетте «Телефонмен жұбатады» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біздің Әсем келе сала сабақтан,
Татпай тұрып столдағы тамақтан,
Телефонмен шақырады анасын,
Хабарлайды бүгінгі алған бағасын:
– Мама, бүгін екі бірдей «Бес» алдым,
Есіңде ме алдың күні неше алдым?!
– Бәрі есімде! Айналайын есімде,
Құтты болсын «төрттігің» де, «бесің» де.
Терген білім, көрген тәлім – аспандап,
Азамат боп өсуіңе баспалдақ!
… Телефонмен хабарлайды бағасын,
Әсем солай қуантады анасын.
Сонда анасы бір жасайды шалқиды…
Қанатсыз-ақ көк жүзінде қалқиды…
Әсем егер алып қалса пәс баға,
Оңашада қара көзден жас тамар…
Сол күні бір айрылғандай тілінен,
Телефон да тырс етпейді күнімен.
Онда айтпай-ақ іштен сезіп анасы,
Телефонмен жұбатады баласын…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі