Айтшы, әжетай!

Бұл бетте «Айтшы, әжетай!» атты Жақан Смақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 9096
– Айтшы, Әжетай, Әжетай!
Атам осы, кім менің?
– Атай, аты баптаған
Бәйгі бермес «Ақтабан»
Құстай сергек ұйқысы
Атаң сенің жылқышы.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Ағатайым кім менің?
– Құймақ, тоқаш, ақ нанның
Білсең тәтті бал дәмін,
Егіншіні есіңе ал, –
Дихан ағаң сол жаным!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Апатайым кім менің?
– Мақтансаң сен басқаға,
Апаңды естен тастама,
Жүз баланың анасы,
Тәрбиеші ол бақшада.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Нағашым осы, кім менің?
– Әдемі пальто жағасын,
Айтшы, қайдан аласың?
Қаракөл қойын өсіріп,
Әперген сенің нағашын,
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жездем осы, кім менің?
– Үйреніп үлкен қаладан,
Кірпіштен үйлер қалаған,
Ардақтысы ауылдың,
Құрылысшы ол ағаң.
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жеңгем осы, кім менің?
– Табын-табын тау іші,
Жеңгең сонда сауыншы.
Ірімшік, құрт, қаймақ, май,
Жеңгеңнен келген, ойлап қой!
– Айтшы, Әжетай, Әжетай,
Жиен ағам кім менің?
– Кеш болса кең көшенің
Жарқ етсе шамы неше мың –
«Өссін дейміз өркені»
Жиен – колхоз монтері.
Құлыным, ботам, көжегім!
Кім боласың, сен өзің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айтшы, әжетай! өлеңінің авторы кім?

Жақан Смақов — осы өлеңнің авторы.

Айтшы, әжетай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айтшы, әжетай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жақан Смақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айтшы, әжетай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері