Әруақ – Сүндет СЕЙІТОВ

Бұл бетте «Әруақ» атты Сүндет СЕЙІТОВ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әруақ!
Шыр айнала бергенше, тәніме енші,
Мен-мұндалай бергенше, бері келші!
Сайтан емес, ішіме өзің түсіп,
Жанышталған менім мен мені көрші.

"Әруақ" деп жаһанға бабам мәшһүр,
Болғанда, мен де өзіңсіз бола алмаспын.
Шыр айнала бергенше, тәніме енші,
Тәнімнен қан өндіргіш көп албастым!

Білгенменен, көрмедім күнә, азапты,
Тектен текке тентектер кінә тақты.
Сайтанымен шошытты дүмше мағзұм,
Әруағынан айырылған бұ қазақты.

Ащы ұғымға болмас па бал қосуға,
Шекарасыз болмай ма жер басуға.
О, әруақ, әруақ, бері келші,
Тәңір - көкте, мен - жерде,
сен қасымда.

Бол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әруақ өлеңінің авторы кім?

Сүндет СЕЙІТОВ — осы өлеңнің авторы.

Әруақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әруақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сүндет СЕЙІТОВ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әруақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері