Ай-Зер – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «Ай-Зер» атты Арайлым Мұраталиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ай-Зер

Терезе алдында тұр едім,
Сыр іздеп аспаннан.
Мен түннің көргім кеп жүрегін
Түнекке аттанғам.

Кешіргім келмейді ерінді
Жетім деп атаған.
Шертілмей жүрген көп шерімді
Мен емес жасаған.

Мен жалғыз емеспін, аяулым,
Менің де бар таңым.
Төрінде жүріп-ақ ояумын
Таскөңіл ортаның.

Ай жалғыз деп еді бір бойдақ,
Айнаға қарамай.
Сұлуын кешелі жүрді ойға ап
Сүйкімсіз кəрі ағай.

Көзінен жас көрдім соқырдың,
Төгілген санама.
Қаламды жылатып отырмын,
Хат жазып анама.

Куə оған дəптердің парағы,
Куə оған Ай керім.
Жүрегім дүрсілдеп барады,
Көнемін, қайтемін?

Секундтар селк ете қалғанда,
Өлеңге айналам.
Мен жалғыз емеспін жалғанда,
Қарап тұр Ай маған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай-Зер өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

Ай-Зер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай-Зер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайлым Мұраталиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ай-Зер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері