Жаңбыр – Арайлым Мұраталиева

Бұл бетте «Жаңбыр» атты Арайлым Мұраталиева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жаңбыр жауып, салғанда шатыр əнін,
Үнсіз билей бастады жапырағым.

Қайыңдардың тиіспей сырғасына,
Айды биге шақырдым қыр басына.

Аспан, маған төге ғой болса сырың,
Қалып қойды үйімде қолшатырым.

Сол бір тұнық тамшыңа жуынайын,
Өлең болып қайтадан туылайын.

Терек едім сынбайтын, сағы мықты..
Сезесің ғой мендегі сағынышты.

Табиғаттың сүйсінем əр ісіне,
Жəне біздің сезімдер вальсіне.

Айтарым да көп еді түнге менің,
Тыныштықты сүйемін - үндемедім.

Жаңбыр жауып, салғанда шатыр əнін,
Үнсіз билей бастады жапырағым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Арайлым Мұраталиева — осы өлеңнің авторы.

Жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері