Күн жоқта өзің жарқыра –
Дина Бөкебай
Бұл бетте «Күн жоқта өзің жарқыра» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн жоқта өзің жарқыра,
Жазу үшін жазбайтынымыздай,
Сүю үшін сүймейтініміздей,
Оятқыш үшін тұрмайтынымыздай таңғы алтыда.
Күн жоқта өзің жарқыра
Көздерімнен жаңа жыр оқып,
Құшағыңды аспаныңмен бір етіп,
Сосын, күнделігіңе жазған жүрегіңнің антына.
Жер бетілік көлеңкелерге Құдай боп,
Жер астылық адамдарсыз ауа жұтпас сыңайлы ек...
Десе де аспан, қарай көрме артыңа.
Өзің ғана жарқырап.
АЙтарсың ғаламшарларға мың сәлем,
аспаным-
Жарқыра күннің орнына, жарығым,
Жаттап алсыншы шамдардан жалыққан әлем.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі