spring
Бұл бетте «spring» атты Дина Бөкебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ештеңе күтпей ешкімнен
Еріген қарға еңкейіп қайта жыр оқып
Тұсауым Құдай кестірген
Жердегі жүрген ізімнің бәрін гүл етіп...
Өтіп кетейін Көктемге.
Күнәсін сүйіп адамның
Дұғасын сүйіп...
Құштарлығымды көп қылып!
Кір жайғышына анамның
Салқыны ұрған көңілді мынау кептіріп,
Өтіп кетейін көктемге.
Сезімді қояр басына,
Тізімі мынау армандарымның түсі аппақ.
Көлеңкемді ертіп қасыма,
Ерлан Жүнісім, Оралханымды құшақтап...
Өтіп кетейін көктемге.
Уақыт?
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі