Өлеңім, асыл текті Фараондай – Марфуға Бектемірова

Бұл бетте «Өлеңім, асыл текті Фараондай» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1612
Біреудің тіреп тұрған ағасы бар,
Теңізге шықса бірге ала шығар.
Біреулер өсек айтып күнін көрер,
Оны айтпаса аузына жара шығар.
Бір қадам алға бассам, ысқырынып,
Жылан жатар алдымда ала шұбар.
Дұшпаным көп неліктен, наданға да,
Табылып жатқан кезде жанашырлар?
Біреуді біреу бүгін жетектейді,
Жүзге бөліп, жүз рет бөлшектейді.
Өздерінің есегін тұлпар санап,
Өзгенікін есек деп есептейді.
Байлығы бар, даңқы бар осыларға,
Бұл өмірде білмеймін не жетпейді?
Көтерсек бізден асып кетеді деп,
Күннің көзін қалқалап көрсетпейді.
Құлағымда күншілдер ызың қағып,
Қызғанады кетердей Қызыр дарып.
Жалғыз мендей осынау теңіздегі,
Қолға түспей жүретін қызыл балық.
Қай ауылда жүрсем де халық бірақ,
Алыстан-ақ жатады қызын танып.
Маска киіп бетіне жүргендерден,
Алла алдында әйтеуір жүзім жарық.
Бірі күліп жатқанда, бірі жылап,
Қызғанышсыз кеудемнің түні – жұмақ.
Күншілдер де жүреді тамақ тауып,
Сыртымыздан ауызы жыбырлап.
Елдің жүгін көтерген ақындардың,
Ауыр болар иықта жүгі бірақ.
Ақынмын деп айтуға хақым да бар,
Жаратқанға тұрса егер жырым ұнап.
Көргенмін, көрем талай тақ таласын,
Мейлің мені надандар мақтамасын.
Сыртымнан жала жауып жүрген жандар,
Алдымен өз күнәсін ақтап алсын.
Біреулер жағама кеп жармасады,
Өзінен мұндай байлық таппағансын.
Өлеңім, асыл текті фараондай,
Мәңгілік саркофакта сақталасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңім, асыл текті Фараондай өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Өлеңім, асыл текті Фараондай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңім, асыл текті Фараондай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңім, асыл текті Фараондай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері