Апа, сен ерте қартайма

Бұл бетте «Апа, сен ерте қартайма» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3835
Апа, сен ерте қартайма,
Қарқара жаулық салынып,
Апа, сен ерте қартайма,
Қара шалыңды ойлап сағынып.
Сағынба деп те айта алман
Отасқан отыз жылыңды.
Қара шаңырағың шайқалған
Қара шал кеткен күніңді.
Күнде ойлай беріп қайтесің,
Бақыты жансын бұл күнде.
Тағдырдың көрдің тәйкесін,
Бүгін де көрдің, шігін де.
Бесікпен мені белге орап
Соғыс жылдары шығырдан
Қайтқанда, сәби жол қарап,
Жүрегің соған жылынған.
Атаңның әлде «тәубесі»,
Ақ пиғылы ма келіннің?..
Сол екі тілек тоғысқан,
Әкемді әкелді соғыстан
Көретін жарық сәулесі
Қарындас-інілерімнің.
Ұлдар да тудың, қыз да ерді
Соңыңнан сенің «апалап».
Сен өсірдің ғой біздерді,
Өсірді жарқын махаббат.
Қаншамыз кеттік жер тартқан,
Қаншамыз аман-сау қалдық.
Басыңа тартқан ақ шаңқан
Аналық туың – ақ жаулық.
Қара шал тілсіз кетті ғой,
Тосылмас жерден тосылар,
Тағдырдың кейде өші бар.
Сонда бір жалғыз сөйлемге
Екеуің де зар болдыңдар,
Сағынта қалса сол жылдар
Қара шалыңды есіңе ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апа, сен ерте қартайма өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Апа, сен ерте қартайма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апа, сен ерте қартайма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апа, сен ерте қартайма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері