Бұл бетте «Жел» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәскеде соққан желдердің
Кешке де мүмкін тынбауы.
Кешігіп соқса кезінен
Әсте де мүмкін тумауы.
Лап етіп жалын тіліндей
Өте де шыққан өткір жел,
Сандуғаштардың үніндей
Сан алуан жұпар төктіңдер!
Табиғат заңы керемет,
Тазалаушысы жердің – жел.
Текемет-қырды, не керек,
Қағып та сілкіп бердіңдер.
Жел тұрып еді жасанып,
Көлдерім шалқып ақты ғой.
Төбемде тұрған маса бұлт
Табанын жалтыратты ғой.
Тек сені бізге, еспе жел,
Табиғат дәйім кез қылғын.
Жел соққан кеш пен сәскелер –
Бақытты шағы мезгілдің.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі