Кешегі қанды майданда – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Кешегі қанды майданда» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2062
Кешегі қанды майданда
Хабар-ошарсыз кеткендер
Қайтып келер ме еді бір?!
Туған ауылдарын,
Тума бауырларын
Табысып көрер ме еді бір?!
Жыламау мүмкін емес,
Бәрі де жылар еді,
Бәрі де сұрар еді
От-судан аман ба деп
Туған жердің құба белі.
Біз игерген тыңды айтар едік,
Су келген құмды айтар едік.
Көрсетіп бау-бақшаларды,
Көрсетіп Қапшағайларды,
Қаратау, Теміртауларды,
Аралап бір қайтар едік.
Туған жер, уыс топырақ,
Бір сәттік көркің үшін де
Он өліп, он тірілсең де,
Пида ғой жан менен тән.
Ұмытылмас бірақ
Қайран Отан, қайран Отан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері