Қорланға ғашық болған есіл Естай

Бұл бетте «Қорланға ғашық болған есіл Естай» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2062
Қорланға ғашық болған есіл Естай,
Көңілінің қаңтарылған көші жастай.
Ойлаушы ем:
«Қолы жетпей Қорланына
Жер басып жүрді екен деп несіне Естай».
Ойлаушы ем:
«Ақылға тіл төселдірген
Тағдырға жібермес деп есеңді сен».
Ойлаушы ем:
«Мен егер де Естай болсам,
Қорланға қосылам деп есен жүрсем».
Ойлаушы ем және ойлаушы ем:
«Жақсы көрсе,
Қорланға артық па деп басты берсе».
Қайырлап қалады деп ойламаушы ем,
Қос желкен қыр соңына тасқын ерсе.
Ертістің ар жағында алаңдаған,
Естайға ақындығы талан болған.
Ыстығы махаббаттың ішке түсіп,
Мұң болып сыртқа шығып аман қалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері