Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1118
Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа,
Аңға салдық, қалды ма қасқыр ілмей?
Арлан төбет көкжалға тік қияда
Аңдап тұрып қадалған тас бүйідей.
Ауыз салған жерінде ақ мойнағым
Тапжылмастан кірпігін қақпай қалып,
Қанталаған көздері шоқтай жанып,
Қапталына қара күш боп байланып
Қасқыр алған...
Құмайдан қалған тұяқ,
Өтіп кеткен күндері – жалған қиял.
Қартайды ғой ғұмырға болмай құса,
Келте өмірге көңілі толмайды сәл.
Жанар алды тартқан соң көмескілеу,
Жон ескілеу, баяғы жол ескілеу.
Маңқ етпейтін маубасар маңғаз төбет
Қасқар алды дегенге сенбес біреу.
Сенбес біреу...
Сенгендер тамсанар да,
Кәрі төбет қозғалар қансонарда.
Енді қасқыр алмайды ол...
Жолдан қайтсам,
Шықса болды алдымнан арсалаңдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері