Өлең, жыр, ақындар

Бақ

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1126
Қабағың кіреукелеу солғын, аға,
Жүзіңнен мұң көргендей болдым, аға.
Кермеңнен кетіп қалса бабы болмай,
Бақ деген кейи көрме Керқұлаңа.
Ол рас, шандоз еді, жүйрік еді,
Шаң тимей шаршы топта құйғып еді.
Ол сенің бір өзіңдік олжаң болды,
Ол сенің бір өзіңдік сыйлық еді.
Бейшара құлынынан құрық көрген,
Кезің жоқ ерік берген, ырық берген.
Сан рет оралғанда сүлік термен,
Таң асып кезі бар ма тұрып көрген?
Сен оны суардың ба тұнық көлден,
Сен оны түлік-ау деп ойладың ба
Тұқымы жер бетінде туып та өнген?
...Керқұла ат Кендебайға бақ болған ғой,
Дүйім жұрт бақытына тап болған ғой.
Иесін тастамаған тар кезеңде,
Қонған бақ, қорғаны боп ап қалған ғой.
Мейлі ол Керқұла бақ, Құлагер бақ
Болып-ақ әлдекімге жолығар-ақ.
Жалқының жүйрігі боп шаба берсе,
Шылбырын кетеді үзіп түбі бірақ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ыңғай-ау

  • 0
  • 0

Ыңғай да, ыңғай, ыңғай ән,
Ырғағың сенің кімге аян?..
Шымшыған үні шымбайдан
Сыздаған іштен мұңды айдап,

Толық

Жара

  • 0
  • 0

Көршімізде тұрды бір тарлан солдат,
Иығына сұм соғыс салған салмақ.
Дәм бұйырып әйтеуір туған жерге
Тірі оралған жарты әлем, жалған шарлап.

Толық

Мұхтар мен Күләш

  • 0
  • 0

– «Сандуғашыңды» сайратшы, Күләш,
Сал болып кеттік, – дейді екен Мұхаң.
– Отымызды бір ойнатшы, Күләш,
Шал болып кеттік, – дейді екен Мұхаң.

Толық