Пендеге біткен дүние
Бұл бетте «Пендеге біткен дүние» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пендеге біткен дүние,
Байлық па, бақ па – бәрібір,
Көзіңнен бір күн ұшады –
Тағдырдың берік заңы бұл.
Көзіңнен бір күн ұшады
Артына әсте бұрылмай,
Тарқаған базар шуындай
Көзіңнен бір күн ұшады.
Қоңыр суына қош айтпай,
Кеуденің дертін босатпай,
Сазарып қалған сулардың
Қиналып ұшқан қуындай.
Зердеге біткен дүние,
Қайғы ма, сор ма – бірібір.
Кәдесі болса халқыңның,
Салмағын басар алтынның –
Тағдырдың тастай заңы бұл!
Уа, тағдыр, осы заңыңнан
Тоқсан да тоғыз айналам!
Тоқсан да тоғыз ойланам.
Қасиетті заңның қармысын
Қалайша, қалай қайыра алам?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі