Салт атқа мініп, сар желіп қырда қайтар ем –
Кеңшілік Мырзабеков
Бұл бетте «Салт атқа мініп, сар желіп қырда қайтар ем» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салт атқа мініп, сар желіп қырда қайтар ем,
Шалқақтап жүріп «Айнамкөзді» айтар ем.
Шекетулі ерде отырар едім шайқалып,
Сүріне білмес су жорға болса байталым.
Сарғайған дала, сазды әйет құмы бұрқылдап,
Сар жайлауда анау сері өзен ақса сылқылдап,
Құр-құрлап қырдан қайырып қайтсам құлын-тай,
Әр көде басы дуадақ ұшса пыр-пырлап.
Тайпалған жорғам, майталман жорғам жараса,
Қайқаңдау жолмен қыраттан, белден әрі асам.
Сағынышымды сейілтер ме екен сол кезде
Сары адырларға көз майын тауысып қарасам?!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі