Өлең, жыр, ақындар

Севан

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 914
Бір қанып ішіп, суына түсіп көрмей біз,
Аузымыз жеңіл, тоспа да болса, көл дейміз.
Мойылдай дейміз, моншақтай дейміз, мең дейміз,
Біз де бір аққу, айдынды көлге шөлдейміз.
Қайсыбір көлдер бетінде барлық ашуы,
Қайсыбір көлдер шымырлап түбі тасыды.
Ал туласын-ақ, толқынның бәрі бір ме екен,
Жылымы да бар, жуасы да бар, жасығы.
Қайсыбір көлдер құлазып қырда қалғыған,
Қайсыбір көлдер құйын түртсе де салды ұран.
Қайсыбір көлдер жазықта жатыр,
Севанға
Арарат абай, Арарат қамқор тау бұған.
Қарауылы боп қаншама ғасыр күзеткен,
Севанның көлін кемемен
жүзіп біз өткен.
Қалғымайтын тау мұз болып қатып қалыпты
Табанынан да, арқасынан да сыз өткен.
Шөлдер де келген айлап та жылдап, аптаған,
Жаулар да келген тасына дейін таптаған.
Армян халқы қарашығындай көзінің,
Севанды бірақ шайқамай, төкпей сақтаған.
Құр атқа мінген адамдай болып бой бүгін,
Севанға жүзіп құрдық-ау серуен, беу, бүгін!
...Он ғасыр көрсін, жүз ғасыр көрсін, бұл көлдің
Суынан таза, суынан жаспын деу қиын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт

  • 0
  • 0

Кеше бала ек, бозбала ек бозда ойнаған,
Уақыт қалай құйындай көз байлаған.
Адам қанша жаңылсын, жазғырылсын,
Зымырайды уақыт жазбай заңнан.

Толық

Ақылымнан адастырып көр, кәне

  • 0
  • 0

Ақылымнан адастырып көр, кәне,
Құлың етші, құсың етші тордағы,
Жоқ-жоқ, енді билетпеймін еркімді,
Қажет емес махаббаттың ойнағы!

Толық

Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей

  • 0
  • 1

Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей,
Шарт сынды бұтақ шағырмақтарға ілінбей.
Жаз келді, міне, жапыр
ағын жайқап сол терек,

Толық