Хантәңірі – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Хантәңірі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1192
Аспан тіреп тұрған шың,
Асқақтыққа туғансың.
Ақша бұлтың желпілдеп,
Алыстан қол бұлғарсың.
Әжіміңде мұң бар шың,
Етегіңде гүл бар шың.
Өз бұлтыңмен шыланып,
Өз күніңмен құрғарсың.
Ұлылығың сол сенің,
Кішілігің және сол.
Қабақ шытсаң, еңселім,
Әне нөсер, әне сел.
Ту сыртыңнан толықсып,
Ашық қабақ ай туған,
Күлім қабақ күн туған.
Аңыздарда айтылған
Алыпқа ұқсас түр-тұлғаң.
Мыңқ етпеген мықты шың,
Жалғызбысың, жұппысың?
Шығысында шыңтардың
Шалқақ тұрған ықпысың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хантәңірі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Хантәңірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хантәңірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хантәңірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері