Он алты жас – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Он алты жас» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1269
Он алты жас...
Алыс ауыл. Апрель.
Бұзылған жол. Өкпек шығар нәті жел.
Ақшам. Іңір. Көз байланып барады,
Бір бозбала қақпа айналып барады.
Ойлайды ол: «Сұп-сұр қақпа мына дәу
Қырсық болды-ау, ұят шығар сығалау».
Ойлайды ол: «Сылтау етіп сәл затты,
Ең болмаса, күл төгуге шығар-ау».
Ойлайды ол: «Бүгін айдың нешесі»,
Соғады өкпек кеткендейін есесі!
Қараңғыда қақырайды қатқан тоң,
Құйттай ауыл әлдеқашан жатқанмен,
Шуылдайды интернаттың көшесі.
Он алты жас...
Алыс ауыл. Апрель.
Тәтті ұйқыда, қатты ұйқыда жатыр ел.
Сұр қақпаның ауласынан сөнді шам,
Ойлайды енді ереңгі кеш сәтін ол.
Сен де ойлашы, он бес-жиырма жыл бұрын
Мұндай қорлық көрген жоқ па ең, «құлдығым»?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он алты жас өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Он алты жас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он алты жас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он алты жас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері