Бұл бетте «Орамал» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әр апта сайын әйелдер жуған орамал
Тазарды деген, тәйірі, бір сөз ғой жорамал.
Теріңнің иісі түбіттей қайта бұрқырап,
Әтірдің иісі сәлден-ақ кейін жоғалар.
Сағыныш, сенім шын махаббаттың тезі ғой,
Орамал берсе, ойлансын деген кезі ғой.
Кім тоқып берсе, орамал соның көзі де,
Кім көп сүртінсе, орамал соның өзі ғой.
Ескерткіш белгі, сүртін сен мейлі, сүртінбе,
Ол орамалды маңдайға біткен мүлкім де.
Тағдырдың заңы талақ боп кетсе, әйелдер,
Тер иісін жуып тазартуларың мүмкін бе?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі