Адам бір кейде
Бұл бетте «Адам бір кейде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам бір кейде сарқылған сынды
Сезімнен дағы, ойдан да.
Денеңде тұтас салқын қан сынды
Ақпайтын судай сайларда.
Адам бір кейде суалған сынды
Шуағынан да, нұрдан да.
Денеңді жайлап мұң алған сынды,
Малынып санаң мұнарға.
Адам бір кейде жалыққан сынды
Жақсы үміттен де, қиялдан.
Үміттің көзі қарыққан сынды
Қарай да қарай ұялған.
Адам бір кейде жабыққан сынды
Думанынан да, тойынан.
Ұтылған сынды, әрі ұтқан сынды
Баянсыз шақтан байыған.
Ал кейде кенет Аплатон сынды,
Аяғы Жерде тұрғанда
Сезімі сәуле,
Ақылы таң сынды
Сәулелерімен салады түрен,
Болмыстық тылсым – Тыңдарға.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі