Әжеміздің айтқаны – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Әжеміздің айтқаны» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2707
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Күннің нұрын, құлыным, пейіліңе құй, – деген.
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Жақсылардың ақылын зейініңе құй, – деген.
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Ілім қуу, қарағым, құдық қазу инемен.
Бәріміздің әжеміз бәрімізге бүй деген:
– Адамшылық, қарағым, адамзатқа сый, – деген.
Бәріміздің әжеміз айтқан бізге ортақ гәп –
Біреумізге кешірек, біреумізге ерте аздап.
Елдің қамын ойлаған,
Жердің қамын ойлаған
Әжемізді сыйласақ,
Қалай ғана ел азбақ,
Қалай ғана жер тозбақ?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері