Бұлданшағым – qanatuly_nauryzbai

Бұл бетте «Бұлданшағым» атты qanatuly_nauryzbai жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сыйлаған жүрегіме жарық нұрды,
Көңілімнің бүршігін жарып тұрды.
Күнім-ау шашып тұрған сәулеңнің
Қызымыр қапырығы тарықтырды.

Шуағына шомылып шұғыланың,
Анық қой бір-ақ сәтте құбыларың.
Қызғанышқа ерік берме сұранарым
Не деседе күлімкөз құрбыларың?!

Еркекпін ғой жүретін кезбеленіп,
Асықтырып сүйгенді тез демелік.
Қызғанышқа қамалып күйінесің
Қырық қыз күлімдеген кезде келіп.

Қалауым сенсің ғана жұбанарым,
Басыма қонған болар бұлда бағым.
Жүрегімнің төріндегі еркетотай
Бұлдана бермесеңші бұлданшағым.

Ұнасада мың сұлу қылымсыған,
Бірінеде бүйрегім бұрылмаған.
Ғашықпын көзбен емес көңіліммен
Жүрегімнің таңдауы жұбым саған.

Тәңірім тарту етсе шапағатын,
Тәтті күндер кешеміз махаббатым.
Түсіністік танытайық екеумізде
Өшірмей шын ғашықтың атақ атын...


Пікірлер (1)

Beknur

ассаауламалейкум,вацап номернызды калдырасызба

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлданшағым өлеңінің авторы кім?

qanatuly_nauryzbai — осы өлеңнің авторы.

Бұлданшағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлданшағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде qanatuly_nauryzbai өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлданшағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар