Бұл бетте «Лақтырып азап-шоққа бір» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.01.2022
0
0
1264
Лақтырып азап-шоққа бір,
Батырды салды сынға бек:
таратсын жұртқа отты әділ
жақсы іске жаратуға деп.
Ғасырларды кешіп ұрыншақ,
адамзат жетті бұл күнге.
Лаулаған отқа тығын сап,
Бекіту бірақ мүмкін бе?!
Алауды жырлар жан да көп,
Әркімді бірақ жуытпа:
Прометей ұрлап алған от
Джорданоны құртқан. Ұмытпа!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі