Ұнатқандарым
Бір емес, екі емес жұмбақ бағым,
Бар екен бірталай ұнатқаным,
Көңілде күмбірлеген сұрақта мың.
Бағымды баптай алар бапташы
qanatuly_nauryzbai жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Бір емес, екі емес жұмбақ бағым,
Бар екен бірталай ұнатқаным,
Көңілде күмбірлеген сұрақта мың.
Бағымды баптай алар бапташы
Қазақ қызы теңдесіз пәк алтынға,
Мен айтайын бір шөкім ой ал тыңда.
Батыстың батып кетпей батпағына
Қала берші сол баяғы қалпыңда.
Сен мынау даладайсың құдды тұнық,
Тартатын жасыл желек құнықтырып.
Үнсіздікпен қабылдайсың мені ғана
Жатқанымда өзіндік сыр ұқтырып.
Мен ғашықпын бір аруға естен кетпес,
Көлеңкесін көрсетпейтін неткен елес.
Сүйіп тұрып құшалмай жүрген жүрек,
Сірәдағы тастан болар,еттен емес!?
Махаббатқа ақылшы кілең дана,
Сен дегенде болатын елең сана.
Жасандылық тұнып тұрған ғаламнан
Шынайылық күтіп едім сенен ғана...
Тәуелсіз елдің текті ұрпағы -
Алтынның сынығы бек сұлтаны.
Еліне еркелеген тентегі,
Тау тасын теуіп өскен тұлпары.
Сыйлаған жүрегіме жарық нұрды,
Көңілімнің бүршігін жарып тұрды.
Күнім-ау шашып тұрған сәулеңнің
Қызымыр қапырығы тарықтырды.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі