Бұл бетте «Қазақ қызы» атты qanatuly_nauryzbai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазақ қызы теңдесіз пәк алтынға,
Мен айтайын бір шөкім ой ал тыңда.
Батыстың батып кетпей батпағына
Қала берші сол баяғы қалпыңда.
Қолын созса қазақ жігіт нар тұлға,
Қорғайды ол, қолыңды бер тартын ба?!
Қазақ ұлы тұрған кезде иманды
Шетелге шығамын деп талпынба!
Жарқын жүзі өзгермейтін салқында,
Сақталсыншы салиқалы салтыңда.
Инабатты ибалы бол әркезде
Өзгелермен сөз таласып алқынба?!
Қазақ қызы теңдесіз пәк алтынға,
Қала берші сол баяғы қалпыңда...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі