Бала едік біз

Бұл бетте «Бала едік біз» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1478
Бала едік біз елде өскен,
Жар жағалап көл кешкен.
Тұлымымызды күн сүйіп,
Тұсауымызды жел кескен.
Соғыстан кейін шыр етіп,
Өркенбіз өртең жерге өскен.
Тың көтерген жыл трактор
Тіркемесіне мінгескен,
Бала едік біз елде өскен.
Бала едік біз елде өскен,
Қой жайып қырат, дөң кешкен.
Жаңбырда жазда қойы ығып,
Заматта жазым сел кешкен.
Ғарышты адам айналған
Асқанда біздер он бестен.
Қиялымыздың тұсауын
Ғасырлық ғажап – сол кескен,
Бала едік біз елде өскен.
Бала едік біз елде өскен,
Шалғын мен сортаң, сор кешкен.
«Тағдырымыздың еншісі
Тыныштық болса сол» дескен.
Тірліктің басқа талқысы
Тай-құлын, тәйірі, қолда өскен.
Жетпісімен ғасырдың
Осындай оймен тілдескен,
Бала едік біз елде өскен.
Он жеті жасқа толғанда
Далаға қарай ынтығып,
Қалаға қарай жол кешкен,
Бала едік біз елде өскен.
Бала едік біз елде өскен,
Тағдырдан тәлкек көрместен,
Заманмен еркін тілдескен,
Қоғамыменен бірге өскен,
Уақытпен сыры үндескен,
Бала едік біз елде өскен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала едік біз өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бала едік біз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала едік біз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала едік біз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері