Бір бөлмеде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бір бөлмеде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1400
Бір аға ақын үйінде
Төрінде – Ғабдол Сланов.
Бір-екі ақын бүйірде
Сыбанып, сөзге сұранып,
Көңілді бір сәт үй-іші,
Кернеген әзіл сөз екен.
Ақындар әбден тынысы
Кеңейіп алған кез екен.
...Бір кезде асау жыр кетті
Толқынын төгіп, лақтырып.
Жаңағы дуды, дүрмекті
Су сепкен өрттей сап қылып.
Жарықтық, жырдың қуаты-ай,
Жарықтық, сөздің сиқыры-ай,
Төрт қабырғаға құп-құйттай
Қалайша сыйып тұр бұлай?!
– Жыр үшін, – деді аға ақын,
Орнынан Ғабдол тік тұрды.
Желпіп бір жырдың қанаты
Биіктік сырын ұқтырды.
Сонда мен жырдың – жалынның
Қызуы шарпып шоқтандым,
Мейірімі, нұры тәңірдің
Осы емес пе екен деп қалдым.
Жырдан соң бәрі жымда-жырт,
Шала сөз, тынды шала дау.
Өзімен-өзі мына жұрт
Есікке сонда қарады-ау.
– Бұл бала кім ед, төрлей ғой, –
Дегенде Ғабдол Сланов,
Жырды мен келіп бөлгендей
Қарадым жерге ұялып.
Тұрып мен сонда есікте
Кірердей жерге қысылғам,
Аяғын шешпей мешітке
Кеткендей еніп мұсылман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір бөлмеде өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бір бөлмеде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір бөлмеде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір бөлмеде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері