Жұмбақ заң
Бұл бетте «Жұмбақ заң» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оң қабағыңмен қарайсың маған,
Сол қабағыңмен қарайсың маған
Оңға басса деп ойлары.
Талай мақтаған, талай сынаған,
Жекіріп алып жағдай сұраған
Жанашырымсың қайдағы?!
Мерт бола жаздап айға атылсам мен,
Майып боп құлап ойда тұрсам мен,
Жанұшырасың сен неге?
Көрсеткім келмей, қайратым семген,
Көзімді бүркеп, ойда отым сөнген,
Жанұшырамын мен неге?!
Бөлек құрсақтан, бөлек құндақтан,
Бөлек толғатқан, бөлек дәм татқан,
Адамның неге жаны бір?
Түйсінгенменен, түсіне алмайтын
Түсіне алмасаң, кісіні алдайтын
Болмыстың жұмбақ заңы бұл!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі