Қап, қалай?

Бұл бетте «Қап, қалай?» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1178
Жастықтың беймаза күндері
Бастықты. Дауылы сиреді.
Басталды басқа өмір. Күйбеңі
Секілді құмырсқа илеуі.
Әттең-ай, әттең-ай, әттең-ай,
Тез өткен сонау бір шақ қалай?
– Қош, Жастық, – дегенде тұрдым мен
Құп-қу боп шүберек, мақтадай.
Әттең-ай, әттең-ай, әттең-ай,
Кенеттен сарғайған көк тоғай.
Көркіңнен көз жазып қалғанмын,
Қап, қалай, қап, қалай, қап, қалай?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қап, қалай? өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қап, қалай? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қап, қалай? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қап, қалай? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері