Адамзаттың әулетіміз – бәріміз – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Адамзаттың әулетіміз – бәріміз» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2144
Адамзаттың әулетіміз – бәріміз,
Жер – кемеде бірге біздің жанымыз.
Адам ата, Хауа анадан таралған
Әуел баста нәсіліміз, қанымыз.
Адамзаттың әулетіміз біріміз,
Туу, өлу – ортақ біздің заңымыз.
Бөлек біздің тілегіміз, тіліміз,
Жүрегіміз, түсі бірдей қанымыз.
Адамзаттың әулетіміз бәріміз,
Сол әулетке жалғасамыз әлі біз.
Бірдей біздің шығатұғын жанымыз.
Біз бірдейміз, біз біргеміз, о, ғажап!
Бізге бақыт, бізге рахат, тән азап.
Бірдей еткен Табиғат қой, анамыз,
Анамызды етпейікші, зәрезап!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері