Адамзаттың өнері
Бұл бетте «Адамзаттың өнері» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтеді уақыт.
Тағдырдың болмақ жазғаны,
Қағида заң ғой адамнан уақыт озбағы.
Уақыттың жалын қаламыз сипап бәріміз,
Уақыт па?
Уақыт – алтынның буы, көз жауы.
Алтынның буы.
Буымен алғаш мас қылар,
Айналтып біраз апиын болып басқа ұрар.
Айналымға да келтірмей сосын ләззаты,
Алтынның түсі айбатыменен састырар.
Алтынның буы – уақыттың нағыз теңеуі,
Шебер ғой өмір, шебердің біздер шебері.
Алтынның буын заманға зерлеп өтетін
О, адамзаттың тіршілік деген өнері.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі