Дүние зыр-зыр – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Дүние зыр-зыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 940
Дүние зыр-зыр
Көзден бұл-бұл
Дем арасы ұшар ма?
Қағып шылбыр,
Уақыт құрғыр
Келмей ме екен тұсауға?
Өткен-кеткен,
Көп селдеткен
Сарқыла ма сезім-сел?
Көп індеткен,
Көп күнге өткен
Ал, өкпеле, өзің сен!
Өкпеле де,
От денеңе
Сабыр күзет қойып қой.
Көктемеңе
«Кет» деме тек,
Қоштаса біл кейітпей.
Тауға бас ұр,
Тасқа бас ұр,
Дауысыңды асыр, даурықпа!
Ұлан-асыр,
Ұлы ғасыр,
Ұлысың ғой, һәм ұмытпа!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері