Жақындасу – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Жақындасу» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1035
Кең заманда қоғамда кемелденген
Жақындасу жақсылық ел-елдермен.
Дәстүрлерді дәстүрлер дамытады,
Өнер өріс алады өнерлерден.
Салт-саналар бір-бірін жаңғыртады,
Жас қалалар көркейтіп жон-қырқаны.
Өмір сүру заңы ортақ жер бетінде,
Ғарышқа да ортақ қой жолдың қамы.
Ауамыздың жұтатын құрамы бір,
Суымыздың құны бір, сұрауы бір.
Жақындасу сондықтан керек бізге,
Жақындасу – уақыттың сынағы бұл.
Жақындаса аламыз қайтіп, қалай?!
Жақындасу тайсалмай, тайқақтамай,
Жақындасу жан беріп, жан аяспай,
Сертті бұзып, уәдені қайта аттамай
Жақындасу заманға зіл келтірмей,
Жақындасу қоғамға кір келтірмей,
Туған ана – Отанды кірбің етпей,
Туған ана тіліңе тіл келтірмей,
Жақындассаң жақындас тап осылай,
(Ылдым-жылдым жақындық жарасы жәй).
Жақындасқан талайлар жазым болған,
Қасиетіне халқының жаны ашымай.
Кең заманда қоғамда кемелденген,
Жақындасу жақсылық ел-елдермен.
Төрткіл дүние туысып кетсе егерде,
Көкке менің тиер-ау төбем жерден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақындасу өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жақындасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақындасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақындасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері