Келеді бір күн махаббат – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Келеді бір күн махаббат» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1733
Ерте ме, кеш пе, келеді бір күн Махаббат,
Болмысыңды да жеңеді бір күн Махаббат!
Көктемгі нөсер, мүмкін ол – күзгі ақ жауын,
Сездірсе болды қалғаныңды әбден қаталап.
Сезінсең болды – әжім жүзіңе өң кіріп,
Сезінсең болды – сезімдеріңе сең жүріп.
Сезінсең болды – жүрегіңе алмай сәл күдік,
Махаббат сол ғой – қас қағым сәттік мәңгілік.
Келер ол мүмкін – түсі аппақ қырау қар болар,
Ериді қар да, несі бар одан қорғанар.
Табиғатыңның тілеуіменен туса егер
Табиғатыңа табиғат өзі жар болар.
Ерте ме, кеш пе, ертең бе, әлде бүгін бе,
Басыңа келмей кетпейді ол түптің түбінде.
Бозөкпе бала, әй, махаббат іздеп жүгірме,
Боз шулан ағай,
Махаббат жоқ деп түңілме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келеді бір күн махаббат өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Келеді бір күн махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келеді бір күн махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Келеді бір күн махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері