Келеді өсіп бір бала – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Келеді өсіп бір бала» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 862
Алыс та алыс, алыс бір түкпір ауылда,
Қырық-отыз түтін қарға тамырлы қауымда.
Әдеті-салты қазақтың қалпы кәдімгі,
Қысы да, жазы ниеті шаруа қамында.
Ауданнан алыс, облыстан да одағай,
Бір жағы құмайт, бір жағы шөлейт жадағай.
Бір жағы қорым, бір жағы құрдым үрейлі,
Қысы да қапыл, жазы да жазым жағалай.
Қонысы оңды, малдары қоңды сонда да.
Жетеді бәрі, жетпейтін еркек қол ғана.
Ересек еркек шетінен тегіс жарымжан,
Ал біздер болсақ...
Ал біздер әзір – ерқара.
Мектепке бардық.
Елу бірінші жыл биыл,
Бітік боп өскен егін бірінші жыл биыл.
«Келмей ме көкем?!.»
Есімде сұрақ қойғаным
Жеңгеме қарап менің бірінші – бір бүйір.
Келмей ме көкем?!
Келетін болса, келмей ме,
Намыстан жанып кете жаздаймын мен кейде.
Шолақ басқарма байлайды атын белдеуге,
Шіптадан сусын құя бастайды жеңгем де...
Алыс та алыс, алыс бір сондай түкпірде,
Соғыстан соңғы тірілікпенен жұп бірге.
Келеді өсіп, келеді өсіп бір бала,
– Түбінде, – дейді, – түбінде, – дейді ол, – түптің бе?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келеді өсіп бір бала өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Келеді өсіп бір бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келеді өсіп бір бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Келеді өсіп бір бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері