Мертіге жаздап, мерт бола жаздап кенеттен –
Кеңшілік Мырзабеков
Бұл бетте «Мертіге жаздап, мерт бола жаздап кенеттен» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мертіге жаздап, мерт бола жаздап кенеттен,
Қаламын аман қалтылдап құйттай себеппен.
Соққанда дауыл солқылдап басын жерге ұрып,
Айрылмай қалған айыр бұтақтай теректен.
Қаламын аман.
Қорқамын жаман соңынан,
Бір күні бірде «шарт сынам-ау» деп торығам.
Сақ болып біраз, сақтанып біраз жүрем де,
Сап етіп тағы кездейсоқ кепке жолығам.
Қаламын аман.
Қорқамын жаман тағы да,
Кездесер себеп, кезігер салдар бағыма.
Тірлігім менің сан жеткен күні таусылар
Тіршіліктегі себеп пен салдар санына.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі