Сезім – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Сезім» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 988
Сезімімді сергелдеңге түсірдім,
Сезінуден ұшықтым да, ұшындым.
Сезімімнен ұшық алдым, тұшындым,
Сезім, сенің құлыңмын да, құсыңмын,
Сезім, сені жаңа-жаңа түсіндім.
Кейде баймын, кейде саған қысырмын,
(Қысыр қалған кездерімде қысылдым).
Мәрт кезінде мерт кезі бар мысыңның,
Кейде сақсың сауысқаннан бетер сен,
Сезім, сені жаңа-жаңа түсіндім.
Кейде от қып, кейде күл ғып ұшырдым,
Кейде тікен, кейде гүл ғып ұсындым.
Айырмасы нәсілің мен түсіңнің
Айғағы емес нәпсің менен ісіңнің.
Сезім, сені жаңа-жаңа түсіндім,
Түсінгеннен өз-өзімнен қысылдым,
Қара тер боп суындым да ысындым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезім өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері