Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған

Бұл бетте «Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1443
Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған,
Тағдыр білер, қайда барып бұйырам?..
Өзегіңді жарып шыққан, әйтеуір,
Ей, табиғат, бір өзіңе сиынам.
Құмға сіңір, мекенім жер лайым,
Көлге жеткіз, меруерт боп тұнайын.
Ей, табиғат, сен анасың, бір тамшың
Зая кетсе, жалғыз саған уайым.
Тамшы туар, шырағданың, шырайың,
Аман болсын қара Жерің, Күн, Айың!
Мен – балаңмын, сені біреу мүсіркеп,
Аяр болса, жалғыз саған уайым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері