Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1301
Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным,
Бойжеткендей кінәмшіл қымсынғаның.
Қысылғаның ұнайды, қымсынғаның,
Қымсынуда білемін тылсым барын.
От шарпыған қанатын көбелегім,
Көбелегім, «көзсізсің» демек едім.
Көріпкелі болады көзсіздің де
Табиғат пен тағдырдың жебегенін.
Көріпкелі болады көзсіздің де,
Аман қалдық сан рет ессіз мүлде.
О, Махаббат-тәңірім, өзің сақта,
Сені, сені берген жоқ ешкім бізге.
Кінәланба, қорланба, қапаланба,
Өкінгенмен онысыз опа бар ма?
Тек махаббат сыйлайды ортақ өмір
Бірер мезгіл, бірер сәт екі адамға.
...Туса перзент, дүниеден өтсе бір ұл,
Бір қуан да, артыңа өксіп, бұрыл.
Найза ұшында, жүзінде ұстараның
Өтер-кетер, қайтейік, өстіп ғұмыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстараның жүзінде жүрсін, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері